Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал әнші Лобода алматылықтардың үйіне келіп, көпті таңғалдырды

20:53, 24 сәуір 2026

Белгілі шетелдік әнші Лобода қазақтардың үйіне қонаққа барып, бешбармақ жеді, деп хабарлайды Alash.KZ

Айдың басында қазақстандықтар әлеуметтік желіде әншіні үйге шақырып, «нағыз бешбармақ – мейрамханада емес, үйде» екенін жазған. Лобода бұл ұсыныстарды ескеріп, алматылық отбасының дастарханына арнайы барған.

«Сәлем, Қазақ елі) Қалайсыңдар?
Жазбамнан кейін ең дәмді бештің үйде болатынын айттыңыздар, аккаунтым шақыруларға толып кетті.
Барлығына бара алмаймыз, бірақ таңды Даурен мен Малика және олардың баласы Дамирмен бастадық.
Қазір дәмді қазы қосылған үйдің бешін жеп отырмыз», — деп жазды әнші.

Қонақ күткен отбасы да жылы лебізін білдірді:

«Алматыда сіздерге әрдайым есік ашық! Қайта күтеміз», — деп жазды олар.

Желі қолданушылары бұл жағдайды қазақтың қонақжайлылығының жарқын үлгісі деп бағалауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар