Поляк кинематографиясының жұлдызы 90 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда қайтыс болды.Барбара Рыльскаяның қайтыс болғанын 11 қаңтарда Ұлттық эстрада әртістері қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Барбара Рыльская – Варшаваның тумасы, ол 1936 жылдың 20 қаңтарында Польша астанасында дүниеге келген. Театр және кино актрисасы дипломын 1959 жылы Варшава драма өнері академиясын бітірген соң алған.
Kino-teatr.ru сайтының жазуынша, Барбара алпысыншы жылдары танымал әнші болған, сондықтан оны «поляк Марлен Дитрихі» деп атаған. Сонымен қатар, ол сол кезеңдегі еркіндік пен жаңа стильдің символына айналды.
1963 жылдан 1973 жылға дейінгі аралықта Барбара көптеген танымал поляк және еуропалық режиссерлердің фильмдеріне түсті.
Актрисаның танымалдығы жаңа, XXI ғасырда қайта жанданды. 25 жыл бұрын, 2000 жылы, поляк көрермендерінің сүйіспеншілігін жаулаған жаңа сериалдар жарық көрді: «Қабылдаушы отбасы», «Жалдаушылар» және «Адам мен Ева». Осы жобалардың әрқайсысында Барбара Рыльская есте қаларлық рөлдер ойнап, өз талантын тағы да дәлелдеді.