Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал актер фильм түсіру барысында 2 әйелді зорлады деген күдікке ілінді (ФОТО)

18:20, 24 наурыз 2025 3678

Парижде 76 жастағы актер Жерар Депардьеге қатысты сот өтеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жерар Депардьеге “Жасыл толқындар” фильмінің түсірілімі кезінде әріптестеріне тиісті деген айып тағылған.

Сот процесі актердің денсаулығына байланысты кейінге шегерілген.

“Дүйсенбі, 24 наурыз және сейсенбі, 25 наурыз күндері Париж қылмыстық сотында Жерар Депардьеге қатысты сот отырысы өтеді. Ол 2021 жылдың қыркүйегінде режиссер Жан Беккердің “Жасыл толқындар” фильмінің түсірілімінде жыныстық зорлық жасады деп айыпталуда.” – делінген хабарламада.

Бұл сот ісі бастапқыда 2024 жылдың қазан айында өтуі тиіс еді, алайда Депардьенің денсаулығына байланысты оның адвокаты процесті кейінге қалдыруды сұраған.

Актерге қарсы екі әйел айып тағуда:

• 53 жастағы декоратор Амели

• 33 жастағы режиссер көмекшісі (аты жарияланбаған)

Францияда Жерар Депардьеге қарсы тағы бірнеше жыныстық зорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Алайда актер өзіне тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар