Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал актер Джеки Чанның Қазақстандағы киносын кім және қашан түсіретіні анықталды

Танымал актер Джеки Чанның Қазақстандағы киносын кім және қашан түсіретіні анықталды

Әлемге әйгілі актер, каскадер және продюсер Джеки Чан түсетін "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильмнің режиссері бекітілді. Бұл картинаның түсірілімі Қазақстанда өтпек, деп хабарлайды Alash.kz.

Salem Entertainment медиа компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратына сәйкес, әйгілі актер жобаның режиссерін өзі таңдаған.

Жаңа бөлімнің режиссері – Роберт Кун. Ол әлемдік киноиндустрияда танымал маман, Disney, Paramount, Universal, 20th Century Fox секілді алпауыт студиялардың экшн-сахналарын қоюмен айналысқан. Сондай-ақ ол "Особо опасен", "Он – дракон", "Президент Линкольн: Охотник на вампиров", "Майор Гром: Игра" сияқты фильмдердің түсірілімдеріне қатысқан.

"Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталады. Бұл – тек бастамасы ғана", – делінген компанияның хабарламасында.

Өз кезегінде Роберт Кун бұл жаңалыққа байланысты пікір білдірді.

"Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Бұл – мен үшін зор құрмет әрі үлкен жауапкершілік! Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар", – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар