Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тамағын кесіп, кеудесіне төрт рет пышақ сұққан”: Шымкентте әйелді көшеде бауыздап өлтірген

23:08, 29 қаңтар 2026

Шымкентте тал түсте 40 жастағы әйелді көше ортасында бауыздап кетті. Марқұмның туыстары мен куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ел аузында "Текстиль" атымен белгілі бұл аудан тұрғындар сөзінше ең мазасыз аумақтардың бірі. Осы аудандағы көшенің қақ ортасында 40 жастағы Ольга Закированы әлдебіреу аяусыздықпен пышақтап кеткен. Алған ауыр жарақаттан әйел сол жерде жан тапсырған.

“Келіншекті 14:40 та ұстап алып, 14:50 ге шейін бауыздаған ғой ана жерде. Үш рет бауыздаған. Кесіп-кесіп жіберген. Сөйтіп, өлтірген. Қасында қазақ қыз бар екен. Ол машинаға мініп қашып кетіпті. Ол бәлені полициялар ұстапты. Полицияларға рахмет. Қонаевқа қашып бара жатқан жерінен ұстаған. Ешқандай танысы емес. Жолдан ұстап алып, ақша бер деген бе, бір нәрсе сұраған шығар”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жақсылық. 

Марқұмның артында 2 және 19 жастағы қыздары мен жолдасы қалды. Өзі науқас анасын бағып отыр еді дейді туыстары. Алкоголь өнімдерін шығаратын зауытта жұмыс істеген екен.

“Ол емханадан келе жатқан екен. Балалардың анализін алуға шығыпты. Үйінде өздігінен жүріп-тұра алмайтын анасы бар. Енді не боларын тіпті білмейміз. Тамағын кесіп, кеудесіне төрт рет пышақ сұққан екен. Келінім өте жақсы болатын. Өзі де ірі еді. Ол адамға қалай шамасы жетпегенін білмеймін”, – дейді марқұмның туысы Олеся. 

Күдікті алысқа ұзамай-ақ ұсталған. Қашып бара жатқан ер адамды полицейлер қару қолданып құрықтаған екен.

“Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық білдіріп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға арналаған қажетті тергеу жүргізілуде”, – деді Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев. 

Бұл жағдайды естіген қала тұрғындары қазір одан әрі үрейлене түскен. Өйткені жыл басталғалы мегаполистен тыныштық кетті. Алдымен 21 жастағы Нұрай Серікбайды үйінің алдында аяусыздықпен өлтірсе, араға апта салып белгілі бапкердің ұлы көше ортасында Василий Колсениковті ұрлап, мәйітін далаға тастап кеткен еді. Ал бүгін Шымкентте тағы бір әйелді танысы пышақтап кетті, полиция күдіктіні ұстау үшін қару қолданған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар