Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғат Байсуфинов қызметінен кете ме? - ҚФФ маңызды мәлімдеме жасады

09:40, 08 маусым 2026

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Қазақстан футбол федерациясы бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

ҚФФ Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді. Маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Кадрлық шешімдерге қатысты барлық жаңалық Қазақстан футбол федерациясының ресми ақпарат көздерінде ғана жарияланады", - делінген федерация таратқан хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар