Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғарда орын алған қайғылы оқиға: Әкім шұғыл шаралар қабылдады

20:37, 12 қазан 2024 982

2024 жылдың 12 қазанында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеп жіберу оқиғасы орын алды. Осыған байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев шұғыл штабқа келіп, жедел жиналыс өткізді. Әкім жағдайдың бақылауда екенін атап өтіп, құқық қорғау органдарының күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, ол кінәлілердің барлығы заң алдында жауап беретінін айтты.

Марат Сұлтанғазиев отқа оранған үйді толық қалпына келтіруді тапсырды және марқұмның отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін уәде етті.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 қазан күндері Талғарда «Қамажай» дүкенінде қару қолданылған жаппай төбелес орын алған. Сол түнде кәмелетке толмаған Шерзат Болат ауыр жарақаттан қайтыс болып, тағы екі жас жігіт ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура жағдайды қатаң бақылауға алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар