Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғар трактісінен қансыраған қыз табылды

15:15, 23 қазан 2024 511

2024 жылдың 23 қазанында Тұздыбастау ауылының жанында кәмелетке толмаған қыз табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Куәгер, жедел жәрдем дәрігері түнгі кезекшіліктен үйіне қайтып келе жатып, 18 жастағы қызды көргенін айтты.

Қыздың қолы мен мойнынан қан кетіп тұрған жаралар болған. Дәрігер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, бригада 40 минут бойы келмеген.

Қызды туыстары дәрігерлерден бұрын алып кеткен.

Полицияның айтуынша, қыз жігітімен жанжалдан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?