Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғар ісі: Шерзат Болаттың ата-анасы әкімдік ұсынған баспанадан бас тартты

16:15, 12 қазан 2024 2202

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізген. Бұл жайлы Alash.kz ұлттық порталы

"Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", – деді Марат Сұлтанғазиев.

Марат Сұлтанғазиев облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды:

"Сонымен қатар отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", – деп атап өтті әкім.

Әкімдік сонымен бірге зардап шегушілердің ата-анасының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартқанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар