Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талдықорғанда спортшы қыз дәрігерлердің алдында көз жұмды

12:45, 17 сәуір 2026

Талдықорғандық 23 жастағы дзюдошы қыз Аян Тұрдыбек аяқ астынан көз жұмды деп жазады Alash.KZ

Марқұм ауырған түні бірден жедел жәрдем шақырылған. Ал келген бригада науқасты тексеріп, тамағын қарап, ыстық түсіретін дәрі іш деген де, кетіп қалған. Кейін жағдайы нашарлаған соң облыстық ауруханаға жеткізілген. 

Онда дәрігерлер науқасты инфекциялық ауруханаға жолдаған. Онда қызға екі рет дәрі тамызғыш қойылған. Қыздың жағдайы уақытша жақсарған. Кейін қайта нашарлап, өңі бозарып, ерні көгерген.

Ол стационарлық емге жіберілген. Алайда кейін жағдайы қайта нашарлап, ауруханаға жеткізіліпті. Марқұм сол жерде есін жимастан көз жұмған. 

Марқұмның туыстары медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеді дейді. Ал қыздың өлім себебі “белгісіз заттан улану” деп көрсетіліпті.

Қазір іс бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, Аян Тұрдыбек күреспен айналысып, самбодан өңірлік жарыстарға қатысқан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар