Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Талапкерлер қаперіне!". ЖОО-да тегін оқудың қосымша мүмкіндіктері белгілі болды

13:34, 08 тамыз 2026

Қазақстандық жоғары оқу орындары 2026 жылы талапкерлерге мемлекеттік гранттан бөлек, білімді тегін алуға мүмкіндік беретін 2 мыңнан астам өз грантын ұсынады. Сонымен қатар кей университеттер оқу ақысына 100 пайызға дейін жеңілдік пен атаулы шәкіртақы қарастырған, деп жазды Alash.kz.

Мәселен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркия тарапынан бөлінген 500 квотаны ұсынады. Қызылордада IT олимпиадаларының жеңімпаздарына 125 грант қарастырылған. Ал Шығыс Қазақстан техникалық университетінде түрлі конкурстардың нәтижесі бойынша 94 грант бөлінген.

Бұдан бөлек, Қарағанды, Атырау, Рудный және Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар жоғары оқу орындарында ректор гранттары бар.

Сондай-ақ «Алтын белгі» иегері болып, ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған талапкерлер кейбір университеттерде оқу ақысын толық өтеу мүмкіндігіне ие бола алады. Мұндай жеңілдіктер «Тұран-Астана» университетінен бастап Павлодар педагогикалық университетіне дейінгі бірқатар оқу орнында қарастырылған.

Талапкерлер үшін атаулы гранттар мен шәкіртақылар да бар. Мысалы, Қарағанды индустриялық университетінде арнайы шәкіртақының мөлшері айына 150 мың теңгеге дейін жетеді.

Әр университет грант санына, құжат тапсыру мерзіміне және талаптарға қатысты шарттарды өзі белгілейді. Сондықтан талапкерлер таңдаған оқу орындарының ресми ақпаратын алдын ала қарап, грантқа өтініш беру мерзімдерін нақтылағаны жөн.

Толық ақпаратты осы жерден оқуға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар