Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талай қазақ қызына араша болған Дина Таңсәрі ауыр халде: Қор халықтан көмек сұрады

18:10, 27 тамыз 2024 2154

“Не молчикз” қорының басшысы Дина Таңсәрінің жағдайы нашарлап кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Динаны жүрек талмасымен дәл қазір ауруханаға апара жатыр. Кейінгі жиырма күнде Динада екі рет жүрек талмасы ұстады: 9 тамызда және 25 тамызда тағы қайталанды. Қыздың ісіне және қорға түскен жүктемеге байланысты, лас әңгімелер мен айыптаулар өте көп. Бірақ осы жолы жүрек талмасы тура бір сағатқа созылды. Қаладан дәрігер таппай, қаржылай мүмкіндігіміз болмағандықтан ем ала алмадық. Ауруды үйде басуға тура келді. Жедел жәрдем қымбат әрі босқа шақыратын едік", – деді қор өкілдері.

Stan.kz сайтының мәлімдемесі бойынша, 24 тамызда Дина терапевтің қабылдауында болған. Дәрігер ЭКГ-дан жүрек ақауларын анықтаған. Алайда басқа кардиологтардың болмауына байланысты келесі қаралуға қыркүйектің ортасына ғана жазылуға тура келген. Бірақ 25 тамызда жүрек талмасы ұстағандықтан, қыркүйекке дейін күту қауіпті деп шешкен.

"Бүгін денсаулығы нашарлап кетті, басқа қалаға баруға тура келді. Себебі Черногорияда мамандар тым аз. Көбі еңбек демалысында екен. Сондықтан кардиологты басқа қаладан таптық", – деп жазды қор өкілдері. 

Қор баспасөзі ем-домға қаражат жеткіліксіз екенін айтты. 

"Таксиге, дәрігерлердің қабылдауына, тексеруге, анализдерге, УДЗ мен жүректің ЭКГ-сына, ауруханаға жатқызу үшін қаражат жеткіліксіз. Қолдау білдірген барша жанға рахмет!" – деді қордың баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар