Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тәжірибесі мол. Сенім білдірілді”: Экс-министр Серікқали Брекешев лауазымды қызметке келді

09:42, 28 шілде 2026

Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып сайланды, деп жазады Alash.kz.

KAZENERGY қауымдастығының мәліметінше, жиынға қатысушылар мұнай-газ саласы мен мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар Серікқали Брекешевтің жетекшілігімен қауымдастық салалық мүдделерді біріктіру, мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамыту және Қазақстанның энергетика кешенінің әлеуетін нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген.

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-ші разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері.

1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді — Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 – 2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, министрі.

2023 жылдың ақпан айынан бастап - «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

Айта кетейік, бұған дейін KAZENERGY қауымдастығын 2025 жылдың ақпан айынан бері Болат Ақшолақов басқарды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар