Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиында Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты туындауы мүмкін қауіп-қатерлер талқыланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Отырыста ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Әсіресе, аймақтағы жағдайдың ықпалы ескеріліп, азық-түлік пен энергетика салаларындағы тұрақтылыққа баса назар аударылды.
Сондай-ақ Кеңес мүшелері елдегі стратегиялық маңызы бар нысандардың тізімін талқылап, тиісті ұсыныстарын білдірді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларына, президенттің өңірлердегі өкілетті өкілдеріне, сондай-ақ Бішкек пен Ош қалаларының әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.