Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тағы тоқтатты, деп жазады Alash.kz.
Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы - Дубай - Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана - Дубай - Астана рейстері тоқтатылады,- делінген хабарламада.
Әуе компанияның хабарлауынша, жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару не 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін тегін қайта брондау ұсынылады.
Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.
Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр.