Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген сарбаз қайтыс болды, деп Alash.kz ұлттық порталы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 7 қазан күні орын алған. Алдын ала деректер бойынша, қайғылы жағдай техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған.
Қазір бұл факті бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, Шекара қызметі қосымша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған. Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – делінген хабарламада.