Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тағы бір қадам… Қуанышты жаңалық»: Қарақат Әбілдина ел естімеген қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

17:04, 01 қыркүйек 2026

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі оқырмандарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, үлкен қызы Аяланың 4-сыныпқа көшкенін, ал Айзаданың алғаш рет мектеп табалдырығын аттағанын жеткізді.

«Білім күні құтты болсын!  Жаңа оқу жылын, бастауыш cыныпқа арналған жаңа мектепте бастап жатырмыз. Аяла 4 сыныпқа көшті. Айзадамыз мектеп табалдырығын аттады. Осы орайда барша білімге қадам басқан құлыншақтардың зейіндері ашылсын деп тілейміз!», – деді Қарақат Әбілдина.

Сонымен қатар әнші Астанада «Қарақат» мектеп-студиясының жаңа филиалы ашылғанын сүйіншіледі.

«Қуанышты жаңалық! Астананың сол жағалауында тағы бір мектебіміз жұмысын бастады @kydyrali_karakat_astana филиалы ашылды. Оң-солымызды түгел қамтығандай болып, тағы бір қадам алға жылжыдық. Шүкір. Білімді ұрпақ – елдің ертеңі, өнерлі ұрпақ – елдің рухы демекші, біліммен биіктеп, өнермен өрлейік!»,- деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар