Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тағы бір баппен толықтырылды»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

17:45, 23 қаңтар 2026

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу шарасы кеңейіп, іс жаңа баппен толықтырылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Адвокат Аянхан Омаровтың мәліметінше, қазіргі уақытта «Некеге тұруға мәжбүрлеу» фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тексеру амалдары жүріп жатыр.

Аталған қылмысты ашу мақсатында Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия жіберіліп, жедел-тергеу тобы жасақталды. Қайғылы оқиға 11 қаңтарда Шымкенттегі көпқабатты үйлерауласының бірінде орын алған болатын.

Бұл оқиға мемлекет басшысының жеке бақылауына алынды. Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмадан кейін Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы мен оның орынбасары лауазымдарынан босатылды. Сонымен қатар жауапты полицейлердің іс-әрекетіндегі салғырттық дерегі бойынша да жеке қылмыстық іс қаралуда.

Қазіргі таңда арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеп, тиісті тергеу шараларын жүзеге асыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар