Тағы да әйел адамды аяусыз ұрған ер адамның видеосы тарады. Бейнежазбаны "jambylinfo.kz." сайтына оқырмандар жолдаған.
Оқырманның айтуынша, оқиға 18 мамыр күні, түнгі уақытта "Ұлы дала" шағын ауданында орын алған.
Видеодан ер адамның әйелді аяусыз ұрып, аяқпен теуіп жатқанын көруге болады.
Ал оқиға куәгері әйелді ұрып жатқан ер адамға ескерту жасаған. Алайда ол оның сөзіне құлақ аспай, артынша көлігіне мініп қашып кеткен.