Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қазақтың ұлттық өнері мен бағзыдан қалған ән-мұрасын көрінген жерде ойнатып, қорламауға шақырды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Әкім форумдар мен іс-шараларда есік алдында домбыра шертіп, қонақтарды қарсы алдыруды сынға алды. Егер, еңбекақысын беріп, құрметтеп шақырса, әңгіме басқа болады. Бірақ, мемлекеттік маңызы бар шараларда мұндай әрекеттің орын алуын ұлттық өнердің бағаланбауына балады. Бұдан бұлай өзі жүрген жерде табалдырық алдында домбыра тартқызып, өнерпаз қоймауын өтінді.
“Мен жүрген жерде мына жігіттер отырмасын. Бұлардың орны қасиетті сахна. Қара домбыраның төрі қасиетті сахна. Біздер аламызда есіктің алдына байлап қоямыз. Кім осылай домбыра тарта алады? Ешкім тарта алмайды. Жігіттерді есіктің алдына отырғызбаңдар”, – деді ол.