Продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма достар?», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың келінін құттықтап жазба жарияламағанын қызу талқылаған еді.