Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сырғалым атандым…»: Әбиба Әбужақынованың таңдауы кімге түсті? (ФОТО)

14:41, 26 наурыз 2026

Қазақстандық танымал дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға сырға салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

«Сырғалым атандым…

Бірақ спорттан кеткен жоқпын.

Алда — 2028 жылғы Жазғы Олимпиада!» – деп жазды спортшы.

Әбибаның таңдауы кәсіби дзюдошы Ермахан Әнуарбековке түсті.

Ермахан Ануарбеков — қазақстандық кәсіби дзюдошы және ұлттық құраманың мүшесі. Ол Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының чемпионы және дзюдодан ҚР спорт шебері атағына ие.

Спортшы халықаралық деңгейдегі беделді Grand Slam және Grand Prix сериялы турнирлеріне бірнеше мәрте қатысып, тәжірибе жинақтаған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар