Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сыныпта түнеп, спортзалда тамақтанып, қираған ғимаратта өмір сүретін балалар бар - Динара Закиева (ФОТО)

11:37, 24 ақпан 2025 225

Балалар сыныптарда түнеп, спортзалында тамақтанып, жартылай қираған ғимаратта өмір сүруге мәжбүр. Дәл осындай көріністі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысындағы И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатқа барған кезде байқады, деп хабарлайды Alash.kz Kopsoz.kz сайтына сілтеп.

Үш жыл бұрын бұл интернатта күрделі жөндеу басталған, алайда мердігер жұмысты аяқтамай кеткен. Нәтижесінде 6 жастан асқан 170 тәрбиеленуші қабырғалары құлаған, дұрыс ұйықтайтын орын мен тамақтануға жағдай жоқ, санитарлық нормалар мүлде сақталмайтын адам төзгісіз жағдайдағы ғимаратта қалды.

Омбудсменнің араласуынан кейін билік балаларды жуырда жөндеуден өткен басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар