Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Оксфорд университетінде қазақ тілі оқылатын болды

25 сәуір 2024 423

Қазақстанға Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. 

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақтілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Til Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар.

Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.

Сонымен қатар Нархоз университеті мен Белфасттағы Queen's University арасында филиал ашу туралы келісім жасалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?