Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды

05 мамыр 2024 191

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды.

Коваленко Валерия Денисовна 2009 жылы туған, 2023 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені беймәлім болды.

Lider.kz басылымының еріктілерінің айтуынша, жоғалған адам биыл сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?