Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сұрмерген сұлтандар мен сұлулар". Азия кубогында садақ ату бойынша ел құрамасы екі қола медаль иеленді

08 маусым 2024 416
Садақ атудан Қазақстан командасы Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан Азия кубогында екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сұрмергендер екі медальға да аралас командалар арасындағы жарыста қол жеткізген.

Сонымен, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атудан үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үшінші дәрежелі нәтиже көрсеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?