Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сұрақ көп! Халықтың ашу-ызасын туғызды”: Мәжіліс депутаты Путинмен кездескен Назарбаевты сынға алды (ВИДЕО)

18:48, 01 қаңтар 2026

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 28–29 желтоқсан күндері Кремльде кездескен-ді, бейресми кездесу туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.

Ерлан Саиров: "Біріншіден, Қазақстан Республикасының конситуциясына сәйкес Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатын тек қана Мемлекет басшысы айқындайды. Бүгін Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан бейресми түрде зейнеттегі адамның басқа мемлекет басшысымен кездесуі халыққа түсініксіз. Екіншіден, геосаяси жағдай күрделі қазір. Сондықтан бұл кездесу Қазақстанның тұрақтылығын сақтауға ешқандай үлес қоспайды. Керісінше, Қазақстан халқының ішінде қажет емес, басы артық сұрақтар туғызады. Сонымен бірге, халықтың ашу ызасын туғызатын дүние. Үшіншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінен қазақстандықтар көптеген сұрақтар бойынша әлі күнге дейін жауап алған жоқ. Қысқасы, бұл бейресми кездесу туралы сұрақ көп! Халықтың ашу-ызасын туғызды" деді депутат. 

Кездесудің мазмұны туралы егжей-тегжейлі мәлімет әлі айтылған жоқ. Ал бұл кездесу туралы қоғамдық пікірталастарда, соның ішінде ұлттық парламенттегі кейбір саясаткерлер мен талдаушылар ел ішіндегі билік пен сыртқы саясат мәселелеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп жүр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар