Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Полиция ақпаратты растады. ІІМ мәліметінше, ол суицид жасаған болуы мүмкін.
Марқұм Ш. Болаттың отбасы үйі өртенгеннен кейін, үнемі полиция қорғауында болған. Қорғау барысында отбасыға қандай да бір қауіп-қатер жасалғаны тіркелмеген.
"Ер адам сағат 23:30-да күзетілген нысаннан шығып, жеке автокөлігімен кетіп қалған”, – делінген полиция хабарламасында.