Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Екібастұзда сауда орталығының төбесі құлады (ВИДЕО)

20:00, 16 ақпан 2025 763

Екібастұз қаласындағы «Макси Молл» сауда орталығының төбесі құлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Бүгін сағат 18:05 шамасында Екібастұз қаласындағы «Maxi Mall» сауда орталығының үшінші қабатында гипсокартон төбесі опырылып түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта төтенше жағдай министрлігі мен басқа да жауапты органдардың мамандары оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құлаған төбе жабындысының жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрайды. Оқиғаның нақты себебі анықталуда.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар