Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұлтан Сәрсемәлиев сотта соңғы сөзін айтты

15:38, 09 шілде 2026
 

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды Alash.kz

9 шілдеде сотта жарыссөз басталып, мемлекеттік айыптаушылар айыпталушыны қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Насип Өтешқалиеваны, сондай-ақ, олардың балалары - Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Соттағы соңғы сөзінде Сұлтан Сәрсемәлиев өзіне қандай жаза тағайындалса да, соның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына да дайын екенін айтты. Алайда ол қылмысты "пайдакүнемдік мақсатпен жасады" деген айыппен келіспейтінін жеткізді.

"Өз қолыммен жасаған ісім үшін басыммен жауап беруге дайынмын. Тергеуден қашқан жоқпын және әділдік алдында жауапкершіліктен де қашпаймын. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына дайынмын. Бірақ оларды ақша үшін немесе басқа бір қылмысты жасыру үшін өлтірдім деп ешқашан айта алмаймын", - деді Сұлтан Сәрсемәлиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар