Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша басты айыпталушы ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев жауап беруде, деп хабарлайды Alash.KZ
Бүгінгі сот отырысында айыпталушыға қатысты тағы бір видео көрсетілгені хабарланды. Желіде тараған кадрларда Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізген сәті бейнеленген. Бұл видеоны журналист Жұлдыз Қайратқызы жариялады.
Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиев әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, бірнеше адамның өліміне әкелген оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған.
Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындаған. Алайда ол айыптаудың бірқатар тармақтарымен келіспейтінін жеткізген. Мәселен, Сәрсемәлиев Наурыздың өлімі абайсызда болғанын айтқан.
Сараптама қорытындысына сәйкес, айыпталушы қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болған. Тергеу барысында бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағаны айтылды.
Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Істің толық мән-жайы сот барысында анықталмақ.