Бірнеше жылдан бері сәбилі бола алмай жүрген блогер Елдос "Колобок" гендер-пати жасап, өзінің қуанышты жаңалығын бөліскен болатын, деп жазады Alash.kz.
Осы ерекше хабарға ұласқан гендер-патиде блогердің досы, әнші Серік Ибрагимов пен оның жары да табылып, қуанышқа ортақтасты.
"Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Бүкіл қазақ елінен сүйінші сұраймыз", – деп жазды Серік Ибрагимов Instagram желісіндегі парақшасында.