Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: шахматшы қазақ қызы Бибісара Асаубаева Грузиядағы Гран-придің күміс жүлдегері атанды

11:44, 26 тамыз 2024 525

Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді.

Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар