Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Қазақстанға белгілі әнші әке атанды

17:03, 24 желтоқсан 2025

Әнші Алдияр Жапархан әке атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Белгілі «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі, әнші Алдияр Жапархан әке болды. Өнер иесі қуанышты жаңалықты өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Әнші жазбасында сәбиінің дүниеге келгенін хабарлағанымен, әзірге баланың жынысы мен аты-жөні жарияланған жоқ. Дегенмен, желі қолданушылары мен жанкүйерлер арасында нәресте қыз бала болуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, бұл Алдияр Жапархан мен оның жұбайының алғашқы перзенті. Желіде өнер иесін құттықтаған жылы лебіздер мен ақ тілектер көптеп жазылып жатыр. Жанкүйерлер жас отбасыға зор денсаулық, шаттық пен береке тілеп, қуаныштарына ортақтасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар