Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Қазақстандық шаңғышы Халықаралық турнирде топ жарды

13:12, 23 қаңтар 2026

Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде қазақстандық тау шаңғышысы Александра Скороходова алтын тұғырдан көрінді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Отандасымыз әйелдер арасындағы слалом бәсекесінде үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Скороходова мәре сызығын 01:39.67 уақыт көрсеткішімен қиып өтіп, қарсыластарынан басым түсті. Одан кейінгі екінші орынды испаниялық Джун Гаритано Итурбе иеленсе, үздік үштікті америкалық Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.

Аталған жеңіс қазақстандық спортшының халықаралық деңгейдегі кезекті табысы ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта Александра Скороходова өз көрсеткіштерін жақсартып, алдағы ірі додаларға дайындығын жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар