Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Қазақстандық конькиші Әлем кубогында күміс медаль иеленді

18:01, 13 желтоқсан 2025

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының төртінші кезеңінде күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Морозова а конькимен жүгіру спортында бақ сынап, 1500 метр қашықтықта 1:54.98 нәтижесін көрсетіп, екінші болып мәреге жетті. Бұл қашықтықта жапониялық Михо Такаги 1:54.95 уақытпен жеңімпаз атанса, үшінші орынды норвегиялық Рагне Виклунд (1:55.18) иеленді.

Аталған жарыста Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір спортшы Елизавета Голубева 1:56.84 нәтижесімен сегізінші орынға тұрақтады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар