Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Милад Карими әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алды

17:28, 27 сәуір 2025 231

Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік жарысында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими алтын медаль иеленді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар