Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Мәскеуде Әлихан Бөкейханның құрметіне бюст орнатылды

17:58, 12 наурыз 2026

Ресей астанасындағы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) аумағында Алаш қозғалысының көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның мүсіні ашылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Тарихи тұлғаның 160 жылдығына орайластырылған ескерткіш қазақстандық павильонға қойылды. Салтанатты шара барысында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Әлихан Бөкейханның саяси қызметі мен ұлт тарихындағы орны туралы айтты. Ол қайраткердің Ресей империясының Мемлекеттік думасындағы жұмысын еске салып, оның қазақ халқы мен өзге де байырғы ұлттардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бұл бастаманы жүзеге асыруға кәсіпкер Жанболат Надыров ұйытқы болған. Кәсіпкер мұндай жобаларды ұлт қайраткерінің өмірі мен атқарған қызметін замандастарымыз бен кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңызды тетігі санайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар