Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Жұлдыз Сүлейменова барша мұғалімді қуантатын жаңалығын бөлісті

10:05, 02 желтоқсан 2025 640

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Елордада орталық атқарушы органдармен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда магистратура бітірген педагогтерге біліктілік санатын автоматты тағайындау жөнінде ұсыныс айтылды. Оған қатысты өз ойымен бөліскен министр аттестаттау аясында соңғы уақытта қоғамда үлкен пікірталас тудырған педагог-зерттеушілердің авторлық бағдарламасына қатысты да айтып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев педагогтерді қорғауды және қолдауды тапсырды. Бүгінде осы бағытта «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізілуде. Министрлік педагогикалық қауымдастықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ұстаздарды аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесін пысықтауда. Оның ішінде ұстаздардың авторлық бағдарлама әзірлеуіне қатысты мәселе бүгінде өзекті болып отыр. Ал магистратура бітірген ұстаздарға бірден біліктілік санатын беру жөніндегі ұсынысқа мен қарсымын. Себебі, орта білім жүйесінде мұғалімнің біліктілігі оның сабақ берудегі кәсіби шеберлігінің деңгейіне қарай бағалануы тиіс, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар