Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сүйінші жаңалықпен бөліскім келеді…»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар мен оқушылар үшін қуанышты хабар айтты (ВИДЕО)

09:37, 02 сәуір 2026

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ғылыми жобалармен айналысатын оқушылар мен оларды тыңғылықты дайындайтын ұстаздар үшін сүйінші жаңалық айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Министр өз сөзінде:

«Сіздермен сүйінші жаңалықпен бөліскім келеді. Баршаңызға белгілі биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық ғылыми жоба жарыстарында «І», «ІІ», «ІІІ» орын иеленген оқушыларға және оларды дайындаған білікті ұстаздарымызға бір реттік сыйақы тағайындау туралы тапсырма берген. Өткен аптада осы тапсырманы орындау аясында бұйрық бекітілген болатын. Биылдан бастап, Халықаралық ғылыми жоба жарыстарында «І», «ІІ», «ІІІ» орын алған балаларымыз 2 миллионнан 6 миллионға дейін бір реттік сыйақымен марапатталатын болады. Оларды дайындаған юілікті ұстаздарымызға да өзінің базалық айлығынан 18,5 есе, 8,5 есе еселенген көлемінде бір реттік сыйақы тағайындалады» - деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар