Қазақстан құрамасының үстел теннисі ойыншысы Жания Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.
Ол 11 жасқа дейінгі жас санатында үздік атанды. Жания төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы Кьяти Панде (Үндістан) 3:2, Хуана Моралес (Колумбия) 3:0, Петра Липовшак (Хорватия) 3:0, Доминика Чарнецкиді (Польша) 3:0 есебімен ұтты.