Танымал блогер, продюсер, әзілкеш Елдос Қадірханов пен жұбайы Таңшолпан екеуі тоғыз жыл аңсаған сәбилерін құшақтарына алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Блогерлердің шаңырағында бар қазақ асыға күткен, тілеулес болған нәресте 12-қарашада дүние есігін ашты. Бұл туралы ЕлдосҚадірханов желідегі парақшасында жазды:
Аллаға шүкір! Сүйінші! Қош келдің, ұлым! 12.11.2025. Біз ата-ана атандық!
Ішпей-шекпей де, мас болуға болады екен.Бақыттан басым айналып, ұшып жүрмін, ағайын! Сезімді жеткізе алмай, жазып отырмын! Жүрегім ішіме сыймай жатыр! Шүкір!
Елдос Қадірхановтың анасы да толқынысын жасырмады:
Қуанышымыз ұзағынан болсын!
Желідегі жұрт блогерлерге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр:
Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын!
Бауы берік болсын! Бүкіл Қазақстан болып күткен нәресте!
Керемет жарасып тұр ата-ана болған!