Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазаққа жағатын тағы бір қуанышты жаңалығын бөлісті

11:05, 24 маусым 2025 836

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің мәртебесіне қатысты заңнаманы бұзғандарды жауапкершілікке тарту үшін арнайы нормалар әзірленіп жатқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Педагог мәртебесі туралы Заңды әзірлеген кезде басты мақсат тек жалақыны арттыру емес еді. Мұғалім өзінің тікелей міндетімен айналысуы тиіс, ал бөтен тапсырмаларды орындамауы керек деген арнайы нормалар енгіздік.

Мұғалімдерді үй-үйді аралау сияқты міндеттен босаттық, мәжбүрлі жазылу науқандарын алып тастадық, сенбіліктер мен оқу процесіне қатысы жоқ іс-шараларға мәжбүрлі қатысуды заңмен тыйдық.

Бірақ Заңның қабылдануы бір бөлек, ал оның тиімді жұмыс істеуі күнделікті бақылауды, мониторингті, табандылықты талап етеді.

Кезінде заңды бұзғаны үшін жүздеген мектеп директорын, білім бөлімдерінің қызметкерлерін, тіпті әкімдік өкілдерін жауапкершілікке тарттық. Облыс әкімінің орынбасары да әкімшілік жауапқа тартылған жағдай болды.

Сол кезде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев нақты тапсырма берген: мұғалім тек сабақ беруі керек. Осы ұстанымның арқасында, Президенттің қолдауымен нақты өзгерістер орын алды.

Мұғалімнің міндеті - білім беру.
Ол жағажайда кезекшілік атқаратын, гирлянда ілетін, шырша орнататын адам емес.

Сондықтан да уәкілетті органдар белсенді болып, заңның орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Мұғалімдердің өздері де құқықтарын білгені және қорғағаны маңызды. Сонымен қатар кәсіподақтардың рөлі де ерекше.

Қазір біз мұғалімдердің мәртебесіне қатысты заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдататын әрі олардың құқықтарын одан әрі қорғауға мүмкіндік беретін арнайы нормаларды әзірлеп, талқылап жатырмыз”,- деді Асхат Аймағамбетов. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар