Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының көптен күткен жинағы жарық көрді.Бұл – «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» деп аталатын 12 томдық архив құжаттары.Жаңа басылым – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында жиналған бірегей архив құжаттарынан тұратын жинақ.Бұл жинақты дайындауға 30-дан астам тарихшы, архивші және археограф атсалысты. Олардың қатарында ҚР Президенті архивінің, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері бар.Жобаның ғылым жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.Басылымға партиялық-мемлекеттік құрылымдарда және арнаулы мемлекеттік архивтерде арнайы сақталған 3 мыңнан астам материал енді.Оның ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов және басқа да қайраткерлер өмірінің бұрын беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар.2 мың данамен жарық көрген жинақ еліміздің оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Осылайша, Қазақстан тарихын одан әрі зерделеу және елдің тарихи жадын сақтап, нығайту тұрғысынан өте маңызды және аса құнды бірегей материалдар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.Жалпы, 2020-2023 жылдары жұмыс істеген Мемлекеттік комиссияның қызметіне 425 ғалым, оның ішінде аймақтардан келген 260 зерттеуші жұмылдырылды. Үш жылдың ішінде 60 мемлекеттік және ведомстволық архивтен 700 мыңға жуық іс жиналды, 2.6 миллионға жуық материал мен құжаттың құпиялығы алынып тасталды, саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған 311 мыңнан астам адам ақталды, деп жазды ол.
Сүйінші! Алаш қозғалысының тарихына қатысты 12 томдық жарық көрді
“Кіндігі де кесілмеген”. Таразда базар маңындағы тоғаннан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
11:43, 19 қыркүйек 2026
«Күшеніп, әрең айтты». Тұрсын Алагөзовтің туған күнінде ән салған Ерке Есмахан сынға қалды
09:23, 19 қыркүйек 2026
«Қымбаттыларым! Асыға күтемін…»: Димаш Құдайберген көпшілікке қуанышты жаңалығын жария етті
19:24, 18 қыркүйек 2026
Қайғылы жағдай: Алматыда 54 жастағы ер адам электросамокаттан құлап, қаза тапты (ВИДЕО)
17:49, 18 қыркүйек 2026
Көкшетаудағы сот әкімшілігі басшысының өлімі: Қысым көрсеткен бе? Департамент жауап берді
17:40, 18 қыркүйек 2026
«Мені ақша қызықтырмайтынын бәрі біледі»: Жәнібек Әлімханұлы өткір мәлімдеме жасады
16:58, 18 қыркүйек 2026
«Адамның бетіне оқ атқан»: Ақтаудағы барда болған оқиға туралы тың дерек шықты
16:40, 18 қыркүйек 2026
«Жомарт» кенішінде заманауи қауіпсіздік мен цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде
16:20, 18 қыркүйек 2026
«Ауыр сөздер айтып қойған шығармын... Қатарға қосыламын»: Данияр Елеусінов күтпеген жайтты айтты
15:22, 18 қыркүйек 2026
Нұрай Серікбай ісі: Өмір бойына сотталған Шерхан Аймаханға қатысты ел естімеген дерек шықты
14:58, 18 қыркүйек 2026
Елена Рыбакинаның неліктен Ұлттық құрама сапында өнер көрсетпейтіні белгілі болды
12:20, 18 қыркүйек 2026
«Сіздің қолдауыңыз... Үлес қосыңыз»: Димаш Құдайберген көпшілікке үндеу жасады (ВИДЕО)
11:24, 18 қыркүйек 2026
"Істі жауып тастаған": Қаскелеңде автобус қаққан студенттің анасы бар шындықты айтты (ФОТО)
10:55, 18 қыркүйек 2026
Ақордада ауыс-түйіс: Мемлекет басшысы бірқатар лауазымды тұлғаларды жаңа қызметке тағайындады
10:40, 18 қыркүйек 2026
Әскери операцияны қайта бастауы мүмкін бе?: Трамп Иранға қатысты әлем күтпеген мәлімдеме жасады
09:56, 18 қыркүйек 2026