Белгілі кәсіпкер, "Shoqan" ерлер киім брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік тарту етті, деп жазады Alash.kz.
Кәсіпкер жас ойыншыны арнайы шақырып, сыйлығын табыстады. Ал күтпеген сыйға ие болған Шерхан қуанышын жасырмай, әсерлі сәтті бастан кешті.
"Елдің барлығы саған сенеді", – деп жазды Шарипов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы сәттен кейін желі қолданушылары жас қақпашыны құттықтап, қолдау сөздерін жарыса қалдырды.
Еске салсақ, Шерхан Қалмұрза – "Қайраттың" жас қақпашысы. Ол жуырда мадридтік "Реалға" қарсы кездесуде қазақстандық жанкүйерлерді қайсар ойынымен тәнті етіп, бірнеше қауіпті соққыны сәтті тойтарған болатын.