Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны: 60 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аймақтарға көшірілді

15:41, 10 сәуір 2024 460

Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан өңірлерінде қабылданып жатқан іс-шаралар нәтижесін хабарлады, Alash.KZ деп жазды ұлттық порталы.   

Нәтижесінде 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан мал өлімі орын алды, жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде саны 5 711 басты құрады, оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары.

Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар.

Бүгінгі таңда 1013 бас, соның ішінде ІҚМ -133, ҰМ – 809 және жылқы – 64 өртеліп жойылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты алгоритм әзірленгені, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізілетіні айтылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар