Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Су жаңа мереке»: 26 наурыз «Халықаралық Арал теңізі күні» болып белгіленді

09:40, 23 сәуір 2026

Орталық Азия елдері 26 наурызды Халықаралық Арал теңізі күні ретінде бекітті, деп жазады Alash.kz.

Астанада өткен экологиялық саммит аясында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары маңызды шешім қабылдады. Енді жыл сайын 26 наурызда Халықаралық Арал теңізі, сондай-ақ Әмудария мен Сырдария өзендерінің күні атап өтілмек. Бұл бастама аймақтағы су ресурстарын сақтау және экологиялық мәселелерге әлем назарын аудару мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Саммит барысында Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) қызметіне қатысты бірнеше стратегиялық құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, құрылтайшы мемлекеттердің басшылары Қазақстан Республикасының аталған қордағы төрағалық ету қорытындыларын бекітіп, ұйымның жаңа Президентін сайлау туралы шешім қабылдады. Бұл қадамдар аймақтық экологиялық ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңі ретінде қарастырылуда.

Мерекенің бекітілуімен қатар, тараптар Астана мәлімдемесін қабылдады. Бұл құжатта Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану және Арал өңірінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен басымдықтар айқындалған. 26 наурызды ресми дата ретінде белгілеу туралы шешім де осы мәлімдеме аясындағы маңызды уағдаластықтардың бірі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар