Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Студенттер енді бірден үш дипломның иесі бола алады

25 сәуір 2024 1364

Студенттер енді бірден үш диплом ала алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және Шэньчжэньдегі ММУ-ППИ университеті бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ниетті. Оқуды сәтті аяқтаған студенттерге жоғары білім туралы үш диплом берілетін болады.

Бұл үш университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің арқасында мүмкін болмақ. Құжатқа Мәскеуде өткен «Университеттер және болашақ» халықаралық форумы барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ММУ ректоры Виктор Садовничий, Шэньчжэнь қаласындағы ММУ-ППИ ректоры Ли Хэчжан қол қойды.

Келісім шеңберінде тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлейді, оқытудың озық әдістерін дамытуда тәжірибе алмасады, сондай-ақ жетекші зерттеулер бойынша жарияланымдар мен материалдар алмасып,  бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?