Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Стипендияға сеніп қана күн көріп жүрген студенттерміз". ҚазҰУ-да студенттерді күштеп билет алуға мәжбүрлегендер жайлы сұмдық дерек шықты

15:50, 07 ақпан 2026

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттерді билет сатып алуға  мәжбүрлеу сипатындағы әрекеттерге қарсы шағым айтылып жатыр, деп хабарлайды  Alash.kz.

Жазба иесінің айтуынша, оқу орнында театр қойылымдарына арналған билеттерді сатып алу жиі талап етіледі. Театрға бару мүмкіндігі болмаған немесе барғысы келмеген жағдайда да, билет құнын төлеу міндеттеледі.

Бұл ҚазҰУ-де болып жатқан жағдай. Фейктен жазуға мәжбүрміз, себебі оқытушылар мен деканаттың алдында көзқарасымызды еркін білдіруге құқығымыз жоқ. Студенттерден жиі театр билеттерін алуды сұрайды. Бармасақ та, билеттің ақшасын жинап беруді талап етеді. Енді сұрақ: стипендиямен күн көріп жүрген студенттер бармаса да, ақшасын неліктен беруге тиіс?Театрға барған жақсы, бірақ ол адамның өз қалауы емес пе? - деп жазылған. 
 

Студенттер бұл мәселе жөнінде ашық айтуға қорқатынын, оқытушылар мен деканат тарапынан қысым болуы мүмкін екенін алға тартады. Сол себепті шағымдар аноним түрде жариялануда.

Мәдени іс-шараларға қатысу – тұлғаның жеке таңдауы болуы қажет деген пікірлер де айтылып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар