Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Спортшыларда тоқтық бар": журналист Париж Олимпиадасына барған спортшылар туралы айтты

09:47, 17 тамыз 2024 516

Париждегі бәсекеде олимпиада туралы ақпарат таратқан спорт журналисі Аслан Қаженов спортшылардың барлық жағдайы жасалып, тіпті несиелеріне дейін алдын ала жабылып қоятынын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы журналист "Бірінші бол" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

"Шыны керек, спортшыларда тоқтық бар. Өйткені Париж олимпиадасының алдында спортшылардың барлық жағдайы жасалды. Спортшы алаңдамасын деген мақсатпен федерация өкілдері олардың басындағы несиелерін жауып, көлік, пәтерлерін әперіп қойған еді. Өкінішке қарай, бұл оң нәтиже бермеді. Ал басқа елдің спортшылары "аш" келіп, көрдіңіздер қандай нәтиже көрсеткенін", – деді Қаженов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орынға жайғасқан еді.    

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар